ӘР СҰРАҚҚА МАРДЫМДЫ ЖАУАП

0

Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков бейсенбі күні аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Аудан басшысымен жүздесуге 12 адам жазылды.

Азаматтардың көбісі, тұрғын үй алу, материалдық көмек көрсету, жер учаскелерін бөлуге қатысты мәселелермен келген. Әр жағдайды мұқият тыңдаған Бегзат Сейсенқұлұлы мәселенің мәніне қанық болу үшін қабылдауға қатысқан мамандардан жауап алды. Бұл күнгі көтерілген сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй алуға қатысты болды. Аудан басшысы әлеуметтік баспана кезекпен берілетінін жеткізді. Қабылдауға келген азаматтар қатарында азаматтық алу мен құжаттарды рәсімдеуде қиындықтарға тап болғандар болды. Сонымен қатар, аудан әкімінің қабылдауына бейнебайланыс арқылы қосылған азамат та болды. Тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмай, оларға жауап-кеңестер берілді. Барлық мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.