ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ РҮСТЕМ ДӘУЛЕТТІҢ 1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті жерлестер!

Қадірменді ағайын!

Баршаңызды келе жатқан 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — егемен елдің іргетасын қалаушы, ата-бабалардың  ғасырлар бойы аңсаған елдің тәуелсіздігі  мен халықтың  бейбітшілік өмірін ақиқатқа айналдырған тұлға,  қазақ елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне белгіленген күн.

 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында   еліміз  қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерген сәтте халықтың көңіліне сенім ұялатқан Елбасының ерен еңбегі өлшеусіз. Сондықтан бұл мереке – тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең мереке.

Бүгінде Қазақстан  іргесі қаланған, дамуға бет алған  ірі мемлекетке айналды.  Қай сала болмасын қарыштап дамып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерімен дараланып, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалары мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары  мен басқа да тарихи маңызы зор құжаттарын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Еліміздің жеткен әрбір жетістігі — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты!

Даму мен өрлеу жолына бет алған еліміздің басқа аймақтарымен қатар киелі Қордай өңірі де айтарлықтай табыстарға жетіп келеді. Бүгінде қордайлықтардың өмір сүру деңгейі жыл өткен сайын жақсарып келеді деп сеніммен айта аламыз. Биылдың өзінде аудандағы барлық елді мекендер құрылыс алаңына айналып, мектептер мен тұрғын үйлердің бой көтеруі, жолдардың жөнделіп, балалар ойын және спорт алаңшаларының салынып жатқанына біздер куә болудамыз. Бұл қарқынмен аймағымыз сән-салтанаты келіскен ауылдарымен, экономикасы дамыған, әлеуетті әлеуметімен үлгі болатынына сенеміз. Әрине, осының барлығына елдің бірлігі мен халқымыздың татулығының  арқасында қол жетері анық.

 Құрметті қордайлықтар!

Маңызы зор мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Туған жеріміз гүлденіп, бейбітшілік пен татулықта еліміз дами берсін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.