Бейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл толуына орай «Ауғанстан – жүректегі жара» атты салтанатты кеш өтті.
«Жауынгер хаты» хореографиялық композициясымен шымылдығы ашылған кеште алғашқы құттықтау сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов айтулы күнге орай бірқатар ауған соғысы ардагерлеріне, олардың аналары мен жұбайларына, жесірлеріне арналған марапаттарды табыс етті.
Атап айтатын болсақ, бұл күні интернационалист-жауынгерлердің аналары – Елена Макева, Салиха Сұраубаева, Зоя Елизарова, Гуляра Бабахчиева, Жібек Жүкенова «Анаға тағзым» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар азаматтарға аудандық Ауған соғысы ардагерлері ұйымы басшысының Алғыс хаты, «Қазақстан патриоты» төсбелгісі және өзге де мерекелік медальдар табыс етілді.
Басқосудың соңы патриоттық әндер орындалған концерттік бағдарламаға ұласты.