АНАЛАР МЕРЕКЕСІ

0

Жер көгеріп, жасыл желек жамылған,

Жыр кестесін жазайын мен жанымнан.

Көктем келсе қуанамыз ерекше,

Қызғалдақтар құлпыратын адырдан.

 

Қолға алып иісі аңқыған гүлдерді,

Гүл жайнаған аналардың жүздері,

Қуанышы қарасаңдар шек бар ма?

Ізет жасар мейірімді білгені.

 

Бұл көктемде ең алғашқы мереке,

Құттықтайық жақсылықта өнеге.

Зор денсаулық аналарға тілейік,

Әр шаңырақ кіре берсін береке.

 

Ай-күніміз шыға берсін аспанда,

Мейірімін төге берсін жастарға.

Жаратушы қабыл көріп тілекті,

Күн шуағы жарқырасын аспанда.

 

Бақыт Байжігітов, зейнеткер

Қордай ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.