АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫ

0

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Бегзат Болатбеков ақ жаулықты аналарды айтулы мерекемен құттықтады. Бірнеше жылдан бері игі дәстүрдің бастамасына айналған іс-шараға бұл күні Күляш Тналиева, Бөпей Көпшілбаева, Бибігүл Қасымова, Болғанай Сәрсенова, Миян Марова, Набат Бабикова, Надежда Лясковская, Алтын Қанатбаева, Халия Сейтимбетова, Захаре Хушанло қатысты. Есіктен кіре берістен сыйлы қонақтарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық тілеген Бегзат Сейсенқұлұлы ауданның әлеуметтік дамуы мен болашақ ұрпақтың тәрбиесі турасында маңызды әңгіме өрбітіп, нәзік жанды азаматшаларымыздың осыған қосар үлесінің зор екенін тілге тиек етті. Айта кетсек, әкіммен кездесуге келгендердің дені білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сынды түрлі салада еңбек етсе, арасында көпбалалы аналар да бар. Мерекелік жиын соңында Бегзат Болатбеков мереке иегерлерін келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, арнайы дайындаған сыйын табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.