Анасын ардақтап, қарындасын құрметтеген…

0

Көктемнің алғашқы күндерімен жарыса келіп, көңілдерге қуаныш ұялататын 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мейрамының кім үшін де орны ерекше. Сондықтан «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов ауданға еңбегі сіңген бірқатар ақ жаулықты аналарымызды айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады.

«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өткен кездесуге Фатима Байбекова, Баян Қарамолдаева, Людмила Досымбекова, Қарлығаш Қожағазина, Рая Жасыбаева, Рая Имашева, Суджата Сарғасқаева, Әсел Оспанбекова, Нұргүл Мырзабаева, Альбина Кенжалиева қатысты.

Кездесуде Бейқұт Тлебалдыұлы нәзік жанды азаматшалардың отбасына амандық, дендеріне саулық тілей келе ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін алғысын білдірді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.