11 наурыз күні Қордай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Әділет Құттыбайдың ұйымдастыруымен «Қауіпсіз-Қордай» жобасы аясында, Қордай АПБ Ювеналды полиция инспекторларымен бірлесіп, дәмханаларда, сауда орындарында жасы кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сату деректерін анықтау, мектеп жасындағы оқушылар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі мезгілде) көшеде ата-анасынсыз, заңды өкілінсіз жүрмеуін қадағалау бойынша рейдтік жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары, оның ішінде қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту жасалды.
Түнгі рейд шарасының басты мақсаты – жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу. Осы бағытта кәмелет жасына толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орындарының әкімшіліктерімен бірлескен шараларды ұдайы ұйымдастырып тұрады.