№ 2 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ БАЙБЕКОВ АЙДЫН ОСКАРОВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Өмірбаян

 

Мен 1987 жылы 30 наурыз күні Қордай ауданы Бетқайнар ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

Қазіргі таңда Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып қызмет етудемін.

 

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

 

Мен Қордай жерінде туып-өскендіктен туған өлкемнің тарихын да, халқымның басынан өткен  қиын-қыстау кезеңдерді де жақсы білемін.

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсіп отырмын. Бұл шешім үлкен жауапкершілік екендігін түсінемін. Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, Масанчи ауылдық округінің экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда өз сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.

Қосымша атқаратын жұмыстар

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілгендей мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.

Болашақта мәслихат депутаты ретінде билік пен азаматтық қоғам арасында жергілікті атқарушы органдарға халықтың проблемалық мәселелерін көтеріп бірқатар мәселелерді шешуге атсалысамын. Есепті кезеңде ауылдық округтерге ай сайын  барып азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаймын.

Атқарылған, атқарылатын жұмыстар барысы жайында жариялап, қойылған сұрақтарға жауап беремін.

Сондай-ақ, ауданымыздағы түрлі көпшілік мәдени, спорттық шараларға, саяси және ұлттық мерекелерге атсалысып, қайырымдылық іс-шараларға араласып және қолдан келгенше мұқтаж жандарға, халыққа медицина саласының маманы болғандықтан денсаулыққа байланысты өз көмегімді беремін.

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Менің басты мақсатым – Әділетті қоғамның қалыптасып, ауыл тұрғындарының табысының барынша артуына атсалысу болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі бағыттарға тоқталғым келеді.

  1. Мәдениет үйіне күрделі жұмыстар жүргізуге ықпал етуге;
  2. Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген несие, гранттарға қол жеткізуіне ақпараттық қолдау жасауға;
  3. Өз округімдегі жолдардың сапасын қатаң бақылауға

алу;

  1. Масанчи округінің тұрғындарының сапалы өмір сүруіне барынша қолдау көрсетуге;
  2. Тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетуге.

Денсаулық бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытуына арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қызмет атқарамын:

— дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлерінің қателіктер жіберуі мен төмен кәсібилігіне қатысты жауапкершіліктерін күшейтіп, үнемі біліктілік деңгейлерін жетілдіріп отыруларына;

— Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 15-19 жас аралығында қыз-келіншектерді тереңдетілген медициналық тексерулерден өткізілуін, диспансерлік есепке алынған ауруларды амбулаториялық, стационарлық деңгейлерде толық емделіп шығуларына;

— 1-18 жас аралығында балаларды тереңдетілген медициналық тексерулерден өткізіп, «Д» есепке алынған ауру балаларды емделуіне;

— аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балалары үшін ай сайынғы жәрдемақы, көпбалалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдем ақыларын, берілетін көмектерді аудандық әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамтамасыз ету бөлімі арқылы дер кезінде нақтылы шешіліп отыруына ықпал ету.

— жастардың дұрыс отбасын құруларына, аудандық дәрігер мамандардың ықпал етулерін қадағалау.

— ауылға келген жас мамандардың аудан әкімшілігі арқылы әлеуметтік және материалдық жағдайларын дер кезінде шешілуіне ықпал ететін боламын.

 Депутаттыққа сайланушы ретінде сайланудағы менің басты мақсатым — Сіздермен тығыз ынтымақтаса отырып, аудан халқының денсаулығына байланысты мәселелер мен міндеттерді өз деңгейінде шешу үшін бар күш жігерімді жұмсаймын!

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Масанчи ауылдық округі тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.