ОСПАНОВ ВАЛИХАН АТАКАНОВИЧТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

№1 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ОСПАНОВ ВАЛИХАН АТАКАНОВИЧ

Қарасай және Қаракемер ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, ауыл инфрақұрылымын жақсарту және халықтың өзекті мәселелерін шешу – бағдарламаның негізгі бағыттары.

Оспанов Валихан Атаканович өзінің еңбек тәжірибесі мен білімін туған өлкенің дамуына бағыттауды мақсат етеді. Бағдарлама ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен қажеттіліктерін ескеруге, жергілікті мәселелерді көтеруге және олардың шешілуіне ықпал етуге негізделеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1.Ауыл инфрақұрылымы мен абаттандыру

Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, ауызсу сапасын жақсарту, қоғамдық орындарды абаттандыру, балалар алаңдары мен демалыс орындарын дамыту мәселелеріне назар аудару.

2.Ауыл шаруашылығын қолдау.

Шаруа қожалықтарының мәселелерін көтеру, мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуға ықпал ету, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау.

3.Жастар және жұмыспен қамту.

Жастарды жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін көтеруге, спорттық және мәдени іс-шараларды қолдауға ықпал ету.

4.Әлеуметтік қолдау

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелеріне назар аудару, білім беру мен медициналық қызмет сапасын арттыру, әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды тиісті органдарға жеткізу.

5.Халықпен тұрақты байланыс

Тұрғындармен кездесулер мен қоғамдық қабылдаулар өткізу, өтініштер мен ұсыныстарды қарастыру, өзекті мәселелерді тиісті мекемелерге жеткізу және атқарылған жұмыстар бойынша ашық есеп беру.

Бағдарламаны жүзеге асыруда ашықтық, жауапкершілік, тұрғындардың пікірін ескеру және халықпен өзара байланыс негізгі қағидаттар болып табылады.

Ауылдың дамуы – ортақ жауапкершілік, халықтың әл-ауқаты – басты құндылық, ал тұрақты даму – жарқын болашақтың негізі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.