САЛАМАТОВ ДИДАР САТБЕКҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

«Ауыл» партиясынан №20 бірмандатты сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат САЛАМАТОВ ДИДАР САТБЕКҰЛЫ

ӨМІРБАЯН

Саламатов Дидар Сатбекұлы 1984 жылғы 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданының Отар станциясында дүниеге келген.

1991–2002 жылдары Қордай ауылындағы Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектепте білім алған. 2002–2007 жылдары С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Стоматология» мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2007–2008 жылдары осы мамандық бойынша интернатурадан өткен.

Еңбек жолын 2008 жылы Қордай орталық аудандық ауруханасында дәрігер-стоматолог болып бастаған. Аталған мекемеде 2020 жылға дейін еңбек етті. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «СДДиА» ЖШС стоматологиялық орталығының директоры қызметін атқарады.

Үйленген, бір ұл және екі қыз тәрбиелеп отыр.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам

Заңдылықты нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау;

Жергілікті атқарушы органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру;

Тұрғындардың өтініштеріне мұқият қарау және оларды толғандыратын мәселелерді шешуге ықпал ету.

  1. Азық-түлік қауіпсіздігі және қолжетімді баға – тұрақтылықтың негізі

Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған шараларды қолдау;

Ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал ету және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау;

Отандық өнімдердің жергілікті нарықта өткізілуіне жағдай жасау.

  1. Сенімді инфрақұрылым – өңірлерді дамытудың басты кілті

Елді мекендердегі сумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу, электрмен жабдықтау және газдандыру мәселелерін шешуге ықпал ету;

Әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау;

Аудан тұрғындары үшін абаттандыруды, қоғамдық кеңістіктерді дамытуды және қолайлы орта қалыптастыруды қолдау.

  1. Әділетті әлеуметтік саясат – өмір сапасының кепілі

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау;

Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлу;

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету.

  1. Білім мен ғылым – болашаққа бастар жол

Білім беру мекемелерін жаңғырту жобаларын қолдау;

Жастардың сапалы білім алуына және кәсіби дамуына жағдай жасау;

Балалар мен жасөспірімдер спортын, мәдениетті және шығармашылық үйірмелерді дамыту.

  1. Дәстүрлі отбасылық саясат – мемлекеттің негізі

Отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау;

Ана мен баланы қорғау, отбасылардың әл-ауқатын арттыру мәселелеріне назар аудару;

Жастар арасында жауапкершілік, өзара құрмет және өскелең ұрпақты лайықты тәрбиелеу құндылықтарын насихаттау.

  1. Экология – тұрақты дамудың кепілі

Қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды қолдау;

Көгалдандыруға, ағаш отырғызуға және аумақтарды абаттандыруға ықпал ету;

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау.

Халықтың сенімі – үлкен жауапкершілік. Тұрғындардың мүддесі – басты басымдық!

Leave A Reply

Your email address will not be published.