№4 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат ТУМАБАЕВ ҒАБИТ БАТАНҰЛЫ
Ауқаты және Қызылсай ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, білім беру саласын жетілдіру және ауылдық инфрақұрылымды жаңарту – бағдарламаның негізгі бағыттары.
Тумабаев Ғабит Батанұлы математика пәнінің мұғалімі ретінде білім беру саласында, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторларда еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған. Осы кәсіби тәжірибесін ауылдардың дамуына, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағыттауды көздейді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
1.Білім беру және технология
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін көтеру, білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізуді қолдау, оқушылардың сапалы білім алуына және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануына ықпал ету.
2.Ауыл экономикасы және кәсіпкерлік
Шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін көтеру, ауыл тұрғындарының табыс көздерін кеңейтуге бағытталған ұсыныстарды қолдау.
3.Ауылдық инфрақұрылымды дамыту
Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, ауызсу мәселелерін шешуге ықпал ету, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
4.Жастарды қолдау және жұмыспен қамту
Жастардың білім алуына, кәсіби біліктілігін арттыруына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету, жұмыссыздық мәселелерін көтеру, жастардың кәсіпкерлік, қоғамдық және әлеуметтік бастамаларын қолдау.
5.Ауылдың жайлылығы және қоғамдық өмір
Спорт пен мәдениет салаларын дамытуға, ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, қоғамдық демалыс орындарын жақсартуға, ауыл тазалығы мен көріктендіру жұмыстарына қолдау көрсету.
6.Халықпен тұрақты байланыс
Ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізу, олардың ұсыныстары мен өтініштерін қарастыру, өзекті мәселелерді тиісті органдарға жеткізу, көтерілген мәселелердің шешілу барысына назар аудару және атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беру.
Ауылдың дамуы нақты істерге, жүйелі жоспарлауға және тұрғындардың белсенді қатысуына негізделеді. Бағдарлама аясында Аухаты мен Қызылсай ауылдарының қажеттіліктерін ескеру, жергілікті мәселелерді мәслихат деңгейінде көтеру және олардың шешілуіне ықпал ету басты қағидаттар ретінде қарастырылады.
Әрбір ұсыныс – ауыл дамуының маңызды бағыты. Ортақ мақсат – өркендеген ауыл, сапалы өмір және жарқын болашақ.