«УЫЛДЫРЫҚ» өңірлік жедел профилактикалық іс-шарасы

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында 2024 жылдың 5 сәуір мен 31 мамыр айлары аралығында табиғатты қорғау заңнамасының құқық бұзушылық биологиялық ресурстар обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «УЫЛДЫРЫҚ» өңірлік жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Балық аулау немесе аң аулау заңсыз болып табылатын негізгі белгілер: мұндай қызметке рұқсаттың болмауы, қорғалатын түрлерін жою, рұқсат етілген маусымнан тыс аң аулау немесе балық аулау, тыйым салынған құралдарды пайдалану. Заңсыз балық аулау табиғи ресурстарды заңсыз пайдалану туралы бөлімге ҚР ҚК-тің 13 тарауы арналған. 335-бапқа сәйкес аң аулау кезінде тыйым салынған заттар мен құралдарды пайдалану балық және басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау болып саналады.

Қордай аудандық полиция бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.