Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

2024 жылғы 26 сәуір күні Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Алға және Қарасу ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Алға және Қарасу ауылдық округтері әкімдерінің тікелей сайлауы алғаш рет өткізілгендіктен, тұрғындарға сайлау заңнамасының нормалары, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді.

2024 жылғы 19 сәуірден бастап сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдері сайлаушыларға танысу үшін ұсынылды. Яғни, әрбір сайлаушы сайлау учаскесіне барып, тізіммен танысып, деректердің дұрыстығын тексере алады.

Сайлау күні дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өткізіледі.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Алға және Қарасу ауылдық округтерінің тұрғындарын азаматтық белсенділік танытуға, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.