ШЫНЫҚСАҢ ШЫМЫР БОЛАРСЫҢ

0

7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Жеңіс күніне  орай  Қордай аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының мамандары балалар мен ата-аналардың қатысуымен «Шынықсаң шымыр боларсың» тақырыбында эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Спорттық ойындар дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде өтті.

Ойындардың ашылу салтанатында орталықтың қыздары флешмоб ұйымдастырып, кейіннен би билеп, Әнұран орындалып, қатысушыларға әділ қазы алқалары таныстырылды. Спортшылар «Болашақ» және «Жалын» командалары болып сайысқа түсті.

Спорттық ойындарға балалар белсенділік танытып, қызығушылықпен ойнады. Олардың жеңіске деген құштарлығы кәсіби спортшылардан кем түспеді. Жеңімпаз командаларға алғыс грамоталары мен сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.