2 мамыр күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің ұрпағы қайсар» атты әскердегі жастар арасында волейболдан жарыс өтті. Спорттық жарысқа шекара басармасының 7 командасы қатысты.
Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша жүлделі I орынды «Қыран» әскери бөлімінің командасы, II орынды «Күзет» әскери бөлімінің командасы, III орынды «Жасұлан» әскери бөлімінің командасы иеленді.
Сонымен қатар ойында белсенді өнер көрсеткен құрама командалардың ойыншылары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің алғыс хаттарымен, жүлделі орын иегерлері бағалы сыйлықтар мен кубоктар және алғыс хаттармен марапатталды.
А.Сейдеходжаева, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру және бақылау бөлімінің инспекторы