Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

0

Жазғы мезгіл – балалар үшін нағыз демалатын шақ болса, су – балалар организмінің сауықтырылуына қажет бірден-бір құралы болып табылады.

Алайда, суға шомылудың пайдасын, тек   қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда  көруге болады.

Осыған байланысты ауданымыздың тұрғындарын жазғы мезгілде суға шомылудың барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақыра отырып, балаларға суға шомылу барысында өздерін  қалай ұстау қажеттігін ескертеміз. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауларын өтінеміз!

Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан  жасалған  немқұрайлық  орны толмас жағдайларға  апарып жатады.

Сондықтан төмендегі сақтық шараларын ескерулеріңізді сұраймыз:

Қоршау белгісінен әрі жүзуге тыйым салынады!

Тыйым салынған орындарда суға түсуге тыйым салынады!

Балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады!

Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға тыйым салынады!

Жалған дабыл беруге тыйым салынады!

Өтіп бара жатқан катерге, қайыққа жақын жүзуге тыйым салынады!

Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге тыйым салынады!

Тамақ ішкен бойда суға түсуге тыйым салынады!

Суға мас күйде түсуге тыйым салынады!

Таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынады!

Н.Әбделі, Қордай ауданы №15 ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.