Әр адам өміріндегі негізгі жан

0

Қордай аудандық орталық кітапхананың «COWORKING» орталығында мамырдың екінші жексенбісі «Аналар күні» мерекесіне орай «Бақытты ана бақытты бала» тақырыбында Қордай аудандық аналар алқасының мүшелері мен жасөспірімдер арасында кездесу кеші өтті.

Кеш барысында Қордай аудандық аналар алқасының мүшелері Р.Балабекқызы және М.Оспаниянова жасөспірімдерге отбасы тәрбиесі жайында айтып, ана болудың маңыздылығын түсіндірді.

Оқушылар аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді. Айта кетейік, аналар күні Қазақстанда алғаш рет кең көлемде атап өтілді. Бұл күні ел ішінде әйел-аналарға құрмет көрсетіліп, құттықтаулар айтылды.

Ресми түрде бұл мереке Қазақстанда 2012 жылы бекітілген. 2023 жылға дейін аналар күні қыркүйек айында тойланатын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен мереке күні мамырдың екінші жексенбісіне ауыстырылды. Бұл еліміздегі мерекелер тізімінде көрсетілген.

2024 жылы Халықаралық аналар күні мерекесі 12 мамырға, яғни мамыр айының екінші жексенбісіне сәйкес келді. Әр адамның өміріндегі ең маңызды жандар күні мерекесін Эстония, Латвия, Украина, АҚШ, Дания, Финляндия, Германия , Италия, Түркия, Австралия, Жапония, Бельгия, Бразилия, Канада, Мальта және Кипр аралдары да атап өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.