10 мамыр күні Әлжан ана ауылындағы спорт кешенінде №18 БЖСМ — нің ұйымдастыруымен «Біз вейп және нашақорлыққа қарсымыз» атты 2008-2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті.
Турнирге 12-ден астам командалар қатысып, үздік жүлдегерлер мен ойыншылар анықталды.
Әділ қазылар алқасының шешімімен 1-орынды Қаракемер ауылы, 2-орынды Шу ауданынан «Естемес» командасы, 3-орынды Сарыбұлақ ауылы иеленді.
Ал номинациялар бойынша «Үздік қорғаушы» Нүсіпқұл Жібек «Естемес» командасы Шу ауданы, «Үздік шабуылшы» Жанарыс Сабина Сарыбұлақ ауылы, «Үздік байланыстырушы» Мукашбек Арай, Қаракемер ауылы ие болды.
Ойыншылар мен командалар диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.