Жас каратэшілер сынға түсті

0

11 мамыр күні Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығында аудандық «AMANAT» партиясының қолдауымен кекушинкай каратэ-додан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Жамбыл облысының кубогы және аудандық фестивалінен турнирі өткізілді.

Жарысқа Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласы, Чуй облыстарынан келген, Алматы облысы, Ұлытау облысы және Жамбыл облысының аудандарынан 100-ден аса спортшы қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында алғашқы құттықтау сөзді алған Қордай аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Бейқұт Жамангозов жасөспірім спортшыларға ізгі тілегін айтып,  сәттілік тіледі.

 Татами үстінде тартымды жекпе-жек көрсете білген спортшылардың арасынан үздіктері анықталып, жеңімпаздар аудандық «AMANAT» партиясы атынан медаль, диплом және командалық кубоктармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.