Жылына 5800 тонна сүт өндірілмек

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында өндіріс саласын дамытуды тапсырған болатын. Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында ауданымызда кешенді жұмыстар қолға алынуда. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауданға инвестиция тартуға мүмкіндік бермек.

Жамбыл облысында 2025 жылға қарай  жалпы сүт өндірісін 30% арттыру, ал өндірістік фермаларда сауылған сүт көлемін 3 есеге ұлғайту көзделген болатын. Ол үшін тауарлы фермалар санын көбейту, селекциялық асылдандыру жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру мен оның сапасын арттыру маңыздылығы ерекше. Осы орайда қордайлық «Бай Нұр» ЖШС  жылына 5,8 мың тонна қуаттылығымен сүт фермасының құрылысын бастап кеткен. Онда 1500 ірі қара, яғни сауын сиыр ұсталмақ. Ферма іске қосылған кезде өңірді таза табиғи әрі қолжетімді сүт және сүт өнімдерімен қамтуға мүмкіндік беретін болады. Жоғарыда атап өткеніміздей өндіріс орны толықтай жұмысын бастағанда жылына 5800 тонна сүт өндіріп, 40 адам жұмыспен қамтылатын болады. Ферма жобасында көрсетілгендей жұмысшылардың жалақы көлемі 200 мың теңгеден басталмақ. Ендеше іске сәт.

Leave A Reply

Your email address will not be published.