Отар жолы оңалатын болады

0

Жолдың жайын жүрген біледі, дейміз. Ал, сол жолдар экономиканы өркендетуге, жолаушы тасымалын жақсартуға, халықаралық қатынастың нығаюына ерекше әсер ететінін е ұмытпағанымыз абзал. Қазір ауыл ішілік және ауылдар арасын жалғайтын жолдарға аса мән берілуде. Осы орайда Қордай ауданы жолдарының басым бөлігі жақсы жағдайда деуге толық негіз бар. Соның бір айғағы біраз уақыттан бері жөндеуді қажет етіп тұрған Отар ауылына апаратын 19 шақырымдық жол жөндеуден өтуде.

Аудан басшысы Бегзат Болатбековтың тікелей тапсырмасына сәйкес ауданда бірқатар ауқымды жобалар іске асырылып келеді. Соның бірі, осы жолдың құрылысы болатын. Құрылыс жұмыстары мемлекеттік сатып алу шарты арқылы жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтсақ, тапсырыс беруші  «Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» болса жұмысты жүзеге асыратын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны». Құрылыстың басы-қасында жүрген Қуаныш Бақытұлының мәліметіне сүйенсек, 16 шақырым жол келісім шартқа сәйкес ағымдағы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін пайдалануға берілмек. Бүгінде жобаның 30%, яғни 5 шақырым жол жөндеуден өткен.

Ең бастысы сапасы барлық стандарттарға сай болып, тақтайтай тегіс жол көп ұзамай пайдалануға берілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.