Аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықовтың құттықтауы

0

Құрметті жерлестер!

Сіздерді барша мұсылман қауымының ұлық мерекесі — Құрбан айтпен құттықтаймын!

Бұл күні  әрбір мұсылман игі амал жасап, бауырмалдық пен кешірімділіктің үлгісін көрсетеді. Бұл күндердің ұлықтығы сол — мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындауға мүмкіндік алады. Асылы, «құрбан» сөзі де араб тілінен аударғанда, «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалу ғана емес, Алланың рақым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал. Жүзден астам ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында берекелі ғұмыр кешіп жатқан Қазақстан үшін бұл мерекенің орны ерекше. Бұл күндi мұсылман бауырларымыз асыға күтеді. Ата-баба дәстүрімен үңдестігін тауып келе жатқан мейрам бүгінде мемлекеттік мерекеге айналды. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатының, дархан даламызды мекен еткен түрлі дін өкілдерінің сыйластығы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі деп білеміз. Мейірімді, Рақымшыл Алла Тәуелсіз елімізге, бауырмал халқымызға шапағатын жаудырсын! Мақсат-мұраттарымызды асыл етсін! Ел болып, жұмыла қолға алған игі істерімізді оңдап, кемел келешегімізді жарқын етсін деп тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз баянды болғай!

Барлығыңызды қасиетті Құрбан айтпен құттықтай отырып, тілектеріңіз қабыл болып,  қадамдарыңыз сауапқа жазылсын,  айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін деп тілеймін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.