ӘСКЕРИ МЕДИЦИНА ЦИФРЛАНДЫРЫЛАДЫ

0

Бірер күн бұрын әскери госпитальдар мен лазареттерге «ДАМУ» медициналық ақпараттық жүйесіне тегін қол жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру жолындағы қадамдардың бірі, дейді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Құжатты Қарулы күштер Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Ержан Смайыл мен «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Елеманов қол қойып бекітті.

Аталған келісім дәстүрлі медициналық жазбалардан алшақтап, тіркелгендердің денсаулығы туралы деректерді сақтаудың цифрлық форматына көшуге мүмкіндік береді.

Медициналық ұйымдардың корпоративтік тысқарғы қоймалар құруға маманданған «ДАМУ» ақпараттық жүйесі Денсаулық сақтау министрлігі дерекқорларымен интеграцияланғанын атап өту қажет. Осы жылдың бірінші маусымынан бастап әскери госпитальдар мен лазареттер жаңа ақпараттық ресурсқа қол жеткізе алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.