Көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық екі айлығын өткізу туралы аудан әкімдігінің қаулысы шықты.
Қаулыға сәйкес ауданда 2021 жылдың 1 наурызы мен 1 мамыр аралығында көктемгі абаттандыру екі айлығы өткізілетін болады. Онда арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, екі айлықтың өтуі бойынша шұғыл басқару үшін аудандық штаб құрылатын болады. Елді мекен тұрғындарымен бірге абаттандыру жұмыстары санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Аудан тұрғындарымен үй жанындағы учаскелерін, аула алаңдарын, тиісті аумақтарын тазалауын, жеке жайларын және қоршауларын әктеу және әрлеу жұмыстары ұйымдастырылмақ.
Тазалық жұмыстарына баршамыз атсалысайық, ағайын!