Қордай ауданы бойынша «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Осы күні жұмыс іздеушілерге аудан бойынша 57 мекемеден түскен 184 тұрақты жұмыс орындары ұсынылды. Оның ішінде білім саласы бойынша — 99 , денсаулық сақтау бойынша 17, әр түрлі жұмыстар бойынша 66 және бос экономика бойынша 2 жұмыс орны ұсынылды.
Нәтижесінде жәрмеңкеге қатысқан 40-тан астам азаматтың ішінен
15 азамат тұрақты жұмыстарға сұхбаттасуға жіберілсе, 2 азамат «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына жолданды.
Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқу, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», бағдарламалары мен солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниет білдірген азаматтармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.