Жаңа оқу жылы басталды

0

Аңқыған жұпар гүлімен ұстаздарын бірінші қыркүйек күнімен құттықтауға асыққан оқушылар, бірін-бірі сағынған сыныптастар, әліппесін құшақтаған балдырғандар, жоғары сыныпқа қадам басқанына қуанған жеткіншектер, ыстық ұядағы соңғы оқу жылын өткізуге жүрегі лүпілдеген  бітірушілер – бәрі-бәрі жаңа білім, жарқын болашақ іздеп оқу ордаларына асығып барады. Осындай көрініске күні кеше ғана соғылған алғашқы қоңырау күні көпшілік куә болды.

Жалпы ауданда бүгінгі күнге 48 мемлекеттік және 20  жекеменшік мектеп бар. 2024-2025 оқу жылында аталған білім ошақтарында 33 мыңнан астам оқушы білім алады, атап айтқанда мемлекеттік мектептерде 30 мыңнан астам оқушы, ал жекеменшік білім ошақтарында 3 мыңға тарта бала.

Жаңа оқу жылында білім нәрімен сусындап ақылды, білімді және отансүйгіш азамат болып өсуіне тілектеспіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.