Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

0

Құрметті аналар, қадірменді асыл жандар, аяулы қарындастар!

Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

«Жер бетіндегі асыл қасиет күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» — деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өйткені, табиғат тіршілігі көктемнен бастау алса, адамзат өмірінің бастауын ардақты анадан алады. Сондықтан да ананың есімін ұлықтап, әрқашан да оны биікте ұстау азаматтық парызымыз деп білемін.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ұйытып қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің белсенді мүшесі болып табылады. Қай салада болмасын әйел затының аялы алақаны сезіледі. Мықты басшы, білікті маман, табысты кәсіпкер ретінде ер азаматтармен тең қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ, алтын құрсақ аналарымыздың жолын жалғастырып келе жатқан жас аналарымыз да баршылық.

Осындай туған жерінің қоғамдық-саяси өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосып жүрген әйел азаматшалар біздің ауданымызда көптеп кездеседі. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің қырық пайыздан астамын, білім беру саласы мен денсаулық сақтау саласының басым бөлігін әйел азаматтар құрап отыр. Міне, өңіріміздегі халыққа қызмет көрсететін басты әлеуметтік сала бойынша мекемелерде әйел азаматшалар көптеп еңбек етуде.

Елімізде әйел затының еңбегі әрдайым жоғары бағаланып, көпбалалы аналарға деген қамқорлық жыл сайын күшейіп келеді. Оған еліміздегі ана мен баланы қорғау шараларының қолға алынуы, әлеуметтік жағдайларына байланысты жәрдемақылардың көбейюі бірден бір дәлел болып табылады. Ардақты аналарымыздың дүниеге сәби әкеліп, жас ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегін біз ерекше құрметтейміз.

Құрметті арулар!

Туған Отанымыздың әрбір шаңырағы берік болып, еліміздегі бірлік пен берекені сақтауда, мемлекетіміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеудегі Сіздердің қосқан үлестеріңіз мол.

Әрқашан асқақ әрі төзімді, кешірімді қалыптарыңызда қала беріңіздер. Сіздердің мейірімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Баршаңызға көктемнің осы күнгі мерекесінде зор денсаулық, бақыт және туған-туыстарыңызға амандық тілеймін!

Қордай ауданының әкімі Р.Дәулет

Leave A Reply

Your email address will not be published.