1 қазан – Қарттар күніне орай Қақпатас ауылдық округіне қарасты Беріктас ауылының кітапханасында мерекелік шара өтті.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген ұлттық даналықты танытатын бұл шарада ата-әжелердің арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылды. Қарттарымызды құрметтеу – қоғамымыздың негізгі дәстүрлерінің бірі. Сондықтан да бұл күннің маңызы мен рухани мәні ерекше. Жарысқа, ауылдың екі елдімекені – Қақпатас пен Беріктас елдімекендерінің ата-әжелері мен ауыл тұрғындары қатысты. Барлығы 20-ға жуық қариялар жарыс алаңына жиналып, бір жағынан ойын біліктіліктерін сынақтан өткізіп, екінші жағынан көңіл көтеріп, бір-бірімен жылы сөздерімен бөлісті. Осындай жиындардың әлеуметтік маңызы зор, бұл қарияларымыздың қоғамдық өмірге етене араласуына, рухани демалуына және денсаулығын шыңдауына үлкен септігін тигізеді.
Дойбы ойыны батылдықты, тапқырлықты, ойлылықты талап ететін спорт түрі болғандықтан, жарысқа қатысушылар өздерінің ақыл-ой және зейіндерін шыңдай түсті. Қатысушылар бір-бірін құрметтей отырып, ойынның әділдігін сақтауға барынша ұмтылды. Өйткені бұл іс-шараның басты мақсаты – тек жарысу емес, сонымен қатар үлкендерді еңселерін түсірмей, оларды белсенділікке, ойлау қабілетін дамытуды қолдауға бағытталғанын білдіреді. Жарыс соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстап, әрқайсысына құрмет көрсетілді. Бұл – тек спорттық жетістіктерге ғана құрылған марапат емес, сонымен бірге ауылдың үлкенін бағалап, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын жоғары бағалау екендігіне баса назар аударды. Қарттар күніне арналған бұл шараның өзекті мақсаты – қарттардың бос уақытын тиімді, қызықты әрі салауатты өткізуін қамтамасыз ету, үлкендер арасында достық қарым-қатынасты нығайту және спортқа деген құштарлықты арттыру болып табылады.
Ауыл өмірінде мұндай іс-шаралар үлкен мәнге ие. Олар – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, халықтың рухани байлығын арттырады. Сонымен бірге қариялардың көңіл-күйін көтеріп, олардың отбасы мен қоғам ішіндегі орнын қайта бір анықтап, құрмет сезімін арттырады. Осы жарыстың нәтижесінде үлкен кісілердің арасында шаттық пен қуаныш орнап, олар өздерін қоғамның белсенді мүшесі ретінде сезінді. Бұл кез-келген ұжым мен ауыл үшін үлгі боларлық оқиға. Жалпы алғанда, ата-әжелер арасындағы дойбы жарысы – тек спорттық бәсекелестік қана емес, сонымен қатар ұлттық рух пен дәстүрлердің жаңғыруы, үлкендердің өміріне деген қамқорлық пен құрметті білдіретін үлкен мәдени шара болды. Қарттарымыздың өмір бойы жинаған даналығы мен тәжірибесі – әрқашан жас ұрпаққа үлгі, ал мұндай жиналыстар олардың рухани байлығын сақтап, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға қызмет ететіні сөзсіз. Осы орайда, осындай игілікті шаралардың алдағы уақытта да жиі өтіп, ауыл өміріне өріс берері анық.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ