Арық жүйесі жаңартылуда

0

Қордай ауылында инфрақұрылымды жаңарту жұмысы әлі де қарқынды жүруде. Осы ретте орталық көше саналатын Төле би көшесінің бойындағы арық жүйесі жаңартылып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Жібек жолы көшесі мен Н.Әлібекұлы атындағы магистральді каналының арасында жаңа арық жүйесі болады.

Жауын-шашын кезінде аталған екі аралықтағы арық суға толып, жаяу жүргіншілерге қиындықтар тудырғаны рас. Тіпті, жаяу жүргінші жолағын түгел басып кететін судың астындағы кедергілерден құлап-жығылған азаматтар да кездесуші еді. Өткен жылы дәл осы арықтан аттап өтем деген жергілікті тұрғынның суға белшесінен батқан видеосы әлеуметтік желіде таралып кеткені ел есінде. Бұл проблема туралы редакция тілшілері де талай жазған болатын.

Қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл аралықта тек ұзындығы 270 метр арық жаңартылып қана қоймай, 45 дана орындық, 45 қоқыс жәшігі, 40 дана гүлзар және 10 дана велосипед тұрағын орнату жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.