Бірқатар азаматтар марапатқа ие болды

0

2013 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісінде «Еңбек күні» мерекесін атап өту белгіленген еді. Осы орайда елімізде жаңа мереке пайда болып, оны атап өту игі дәстүрге айналып келеді.

Бұл мерекенің негізгі мақсаты – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және жастардың осы мамандықтарға деген қызығушылығын ояту. Осы аптада айтулы датаға орай аудан әкімдігіне түрлі салада көп жылдар бойы еңбек еткен азаматтар марапатталды.

Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай марапаттау рәсіміне шақырылған қонақтарды құттықтап, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еңбек адамының жағдайын жақсарту және бағалау, жұмысшыларды қолдау туралы айтқанын жеткізді. Жиынға ауыл шаруашылығы, өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты. Олардың әрқайсысының еңбек өтілі 30 жылдан кем емес.

— Сіздерді бүгінгі мерекемен шын жүректен аудан әкімінің атынан құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, қажырлы қайрат, мол табыс тілеймін, — деген Дамира Маратқызы жиынға қатысушыларды аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Марапатқа ие болғандарды атап өтсек А.Ганиев, А.Күлкібаева, М.Архабаев, Т.Жаманкеев, Ж.Шолпанбаев, Э.Жүнісова, Н.Созыкин, К.Бітікова, С.Ахметов және А.Бопинаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.