«Қарттарым асыл қазынам»

0

Қарттар күніне орай аудандық қоғамдық бірлестіктер де мерекелік шараларды назардан тыс қалдырмады. Сейсенбі күні «Мол нәсіп», «Сезім», «Іскерлер әлемі» қоғамдық бірлестіктері «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырып, аудан орталығындағы «Айша» кафесінде ақ жаулықты әжелер мен данагөй ақсақалдардың құрметіне дастархан жайды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының өнерпаздары мереке иелеріне арнап ән шашу шашып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында құттықтау сөз алған «Мол нәсіп» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дариякүл Жайлаубекова қариялардың қоғамдағы маңызын атап өтіп, олардың елге сіңірген еңбегіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жиында мерейтой иелеріне, атап айтқанда 75 жасқа толған Лилия Даниловаға, Любовь Тарасоваға, 70 жасқа толып отырған Лидия Генадьевнаға «Аманат» партиясы аудандық филиалының құттықтау хаты табыс етіліп, иықтарына ақ жаулық жапты.

Ақ дастархан басында жиналған қариялар игі шараны ұйымдастырып, атсалысқан барлық жандарға шын жүректен алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.