Әлжан ана ауылының мәдениет үйінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті.
Онда аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, өз ісіне деген адалдық пен жауапкершіліктері үшін алғысын білдірді.
Сонымен бірге, аталған саладағы ауданымыздың бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен және «Аmanat» партиясы Қордай аудандық филиалының Алғыс хаттарымен марапаттады.
Салтанатты шарада әлеуметтік қорғау жүйесі саласының ардагерлеріне аудан әкімінің құттықтаулары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.
Шара соңы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері және әлеуметтік сала мамандырының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.