Қордай ауданы бойынша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарлама

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-G-1 санатының ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері орынбасарларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

 

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

E-G-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: zh.dadabaeva@zhambyl.gov.kz, otdelkadr17@mail.ru.

 

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімінің орынбасары, санаты Е-G-1, 1-бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 305 232 теңгеден бастап 350 615 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округі әкімінің тапсырмаларын орындайды. Ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды жүзеге асырады және көп балалы аналарды «Алтын алқа» мен «Күміс алқаға» ұсынуды ұйымдастырады. Жұмыспен қамтуды арттыру, жұмыссыздықты азайту бойынша қажетті іс-шаралар мен шаралардың орындалуын ұйымдастырады.Әлеуметтік салада, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта және жолдарды жөндеуде бекітілген жоспарлы көрсеткіштер мен индикатордың орындалуын қамтамасыз етеді. Төмендегі көрсетілген тармақтарға бақылау жүргізеді:

— тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жағдайы үшін (желілер, жүйелер, ғимараттар, құрылыстар және т.б.);

— сумен, газбен, электрмен және жылумен жабдықтауда, басқа да мемлекеттік қызмет түрлерінде үзіліссіз берілуін;

— ауылдық округ аумағының санитарлық жағдайы үшін тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, қоқыстар мен қалдықтарды шығаруды ұйымдастырады;

— арықтар жүйесінің, жасыл желектердің, саябақ аймақтарының, алаңдардың, демалыс және демалыс нысандарының жағдайына байланысты суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Автомобиль жолдарының техникалық жағдайын бақылайды, жолдарды күтіп ұстауды ұйымдастырады, оның ішінде қыс мезгілінде, жолдарды жөндеудің барлық түрлерін бақылайды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды, жол белгілерін, жол белгілерінің өлшемдерін, бағдаршамдарды орнатуды, такси аялдамалары мен қоғамдық көлік аялдамаларын орналастыруды, қоғамдық көлік маршруттарын белгілеуді ұйымдастырады. Көктемгі және күзгі көгалдандыру мен абаттандыруды, жаппай сенбіліктерді ұйымдастырады және бақылайды. Қысқы кезеңге өтуге дайындықты, оның ішінде әлеуметтік нысандардың (денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және білім беру), сондай-ақ көп қабатты үйлердің дайындығын бақылауды ұйымдастырады, көмірдің, отынның және басқа ресурстардың қорын, қазандықтар мен жылу желілерінің жағдайын бақылайды. Ауылдық округтегі азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша жоспарланған тапсырманың орындалуын қамтамасыз етеді. Жастармен, үкіметтік емес ұйымдармен және еріктілермен жұмысты басқарады және жауап береді, кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі жұмысты үйлестіреді (ИДН). Ономастика саласындағы жұмыстарды және мемлекеттік рәміздер заңнамасының сақталуын қадағалайды. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қадағалайды.Үйлестірушілер «Сайлаушылар» автоматтандырылған сайлау жүйесімен және учаскелік сайлау комиссияларымен жұмыс істейді.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын қадағалайды. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмысты жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар  саласындағы немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы немесе ветеринария саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы  немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы  немесе білім саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (жалпы) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары  саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы (жалпы) немесе  бизнес, басқару және құқық  саласындағы (жалпы) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе педагогикалық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе  ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы (жалпы) немесе ветеринария саласындағы (жалпы) немесе қызмет көрсету саласындағы (жалпы) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика саласындағы (жалпы) немесе ұлттық қауіпсіздік және әскери іс саласындағы (жалпы) немесе денсаулық сақтау (медицина) саласындағы (жалпы) немесе білім саласындағы (жалпы).

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

 

  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-4, 1 бірлік, № 01-02, (лауазымдық  жалақысы  қызмет  өткерген  жылдарын  есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: Діни бірлестіктер және оның филиалдарымен жұмыс жүргізеді. Аудандағы діни ахуал мен қоғамдық саясиахуалды зерделейді және талдау жүргізеді. Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі комисиясының отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тоқсанына 1 рет облыс әкімдігінің дін істері басқармасына аудандық БАҚ-та жарияланған діни мазмұндағы мақалалардың дайджестін жібереді. Дін саласындағы ақпараттық насихаттық топтардың жұмысын ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзуға қатысты өтініштерін қарау, өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады.Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіреді. «Бастау» отбасы мәселелері бойынша жұмысшы тобының жұмысын үйлестіреді. Жетекшілік ететін сұрақтар бойынша мәжілістерге, жиналыстарға материалдарды дайындаумен айналысады. Облыс әкімі мен облыс әкімдігінің басқармалары тарапынан бекітілген индикаторлар мен келісімдердің орындалуын жүзеге асырады, қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: бизнес, басқару және құқық саласындағы немесе  педагогикалық ғылымдар саласындағы немесе  өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе  әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат саласындағы жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім, техникалық білім. Мамандығы: құқықтану немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе шетел тілі: екі шетел тілі немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе қазақ тілі мен әдебиеті немесе тарих-Дінтану немесе шетелдік филологиясы немесе философия немесе филология немесе дінтану немесе шығыстану немесе теология немесе түркітану немесе исламтану немесе саясаттану немесе журналистика.

Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. Функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.