2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап банкроттыққа өтінім берудің жаңа ережесі күшіне енді. Енді азаматтарға бұрынғыдай банкрот екенін дәлелдейтін құжаттарды жинап, оны eGov.kz порталында тіркеудің қажеті жоқ. Яғни, банкрот болудың жолдары жеңілдеді.
ӨТІНІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ
Қазіргі таңда Қазақстандықтан онлайн және офлайн режимде банкроттыққа өтінім бере алады. Онлайн режим eGov.kz порталы арқылы жүзеге асады. Ол үшін электронды қолтаңба ғана қажет. eGov.kz порталында іздеу жүйесінен «соттан тыс банкроттық процедурасын қолдану» деген қызметті таңдау керек. Ол жерде «қарызым бар», «жеке мәліметтерді ашуға рұқсат етемін» және «банкроттық деп тануды сұраймын» деген батырмаларды басу керек.
Бұрын азаматтар банкроттыққа өтінім бермес бұрын қарызын өтеуге тырысуы, құжат жеткізуі талап етілетін. Қазір ондай талап жоқ. Портал қосымша құжаттарды сұрамайды.
Азаматтар кредиторды ескертпей-ақ банкроттық өтінім бере алады. Себебі екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелері Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Яғни, банктер қарыз алған азаматтардың қайсысы банкроттық өтінім бергенін біліп отырады.
Азаматтар сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында банкроттыққа өтінім бере алады. Ол жерге жеке куәлігімен барады. Орталық мамандары өтінім мен қарыз иелері жайлы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің базасына енгізеді.
“БАНКРОТ БОЛАМ” ДЕУГЕ АСЫҚПАҢЫЗ
Заң бойынша банкрот болып танылудың үш рәсімі бар. Олар: соттан тыс, сот арқылы және төлем қабілетін қалпына келтіру. Қарыз көлемі 5,5 миллион теңгеден аспаса, соттан тыс рәсіммен құжат тапсыруға болады. Осы сомадан асса сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Ол үшін борышкердің атына тіркелген мүлкі болмай, кейінгі 12 ай ішінде кредитор немесе коллекторлар алдындағы борышы бойынша бірде-бір рет төлем жасамауы керек. Төлем мерзімі өткеннен кейін кемі 18 ай ішінде қарыз шарты бойынша берешекті реттеуге не өндіріп алуға талпыныс жасауы тиіс.
“Банкрот болам” деп асықпаған абзал. Себебі банкрот деп танылған азамат 5 жыл бойы несие немесе займдар ала алмайды. 7 жыл бойы қайта банкрот бола алмайды әрі ол 3 жыл бойы қаржылық мониторинг бақылауында жүреді.
Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы