ТӘУЕЛСІЗДІК – БІЗДІҢ ОРТАҚ ЖЕТІСТІГІМІЗ

0

Құрметті қордайлықтар!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халықтың бостандығы мен ұлылығын бейнелейтін бұл мереке біз үшін ерекше қымбат әрі мәнді. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуда айтарлықтай биіктерге қол жеткізді және әлемдік қоғамдастықтың мойындауына ие болды.

Тәуелсіздік алғаннан соң жыл сайын біз кемелденіп, сенімді және қуатты болып келеміз. Тарихымызды жадымызда сақтап, бастан өткергенімізді, атқарғанымызды бағалаймыз, мемлекеттегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көріп келеміз. Бiздiң, бүкiл қазақ қоғамының алдында шешiлуi тиiс жаңа мiндеттер мен қол жеткiзуге тиiс жаңа мақсаттар тұр.

Қымбатты жерлестер!

Тәуелсіздік – біздің ортақ жетістігіміз бен мақтанышымыз. Отаныңымызды бағалайық, жыл өткен сайын табысымыз арта түсу үшін, Тәуелсіз мемлекет құру жолындағы ортақ іске әрқайсымыз үлесімізді қосып, қолдан келгеннің бәрін жасайық! Мереке құтты болсын! Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, амандық, тыныштық, бейбітшілік пен бақыт тілеймін!

Құрметпен аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов

Leave A Reply

Your email address will not be published.