БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппарттық кеңесте азықүлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланып,  облыс әкімі әлеуметтік тауарлардың бағасына  бақылауды күшейтуді тапсырған

болатын.

 

Осыған орай Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков  Қордай ауылындағы  ірі сауда орындарын аралап, баға мәселесін зерделеп шықты

Сауда нысандарын аралау барысында әкім азықүлік бағаларының нарықтық жағдайға сәйкестігіне, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігіне ерекше назар аударды.

 Ол жергілікті кәсіпкерлермен және дүкен иелерімен тілдесіп, баға саясаты, тауарларды жеткізу  мәселелерін талқылады.

Бегзат Сейсенқұлұлы аудандағы азықүлік бағаларының тұрақтылығы – жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Ол азықүлік өнімдеріне қойылған бағаға мониторинг жасап, кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырды.

 «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындарға қолжетімді бағаларды қамтамасыз ету», – деді әкім.

Алдағы уақытта да азықүлік бағаларына тұрақты мониторинг жүргізу жалғасады.  Аудан басшысы кәсіпкерлер мен жауапты мекемелерге тұрғындарға қажетті өнімдердің бағасын тұрақты ұстап тұруды және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды күшейтуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.