Қордай ауылындағы «Қордай батыр» спорт клубы жарқын жетістіктерімен, жеңісті жолдарымен үнемі жерлестерін қуантып келеді. Соңғы жылдары қанатын кеңге жайған спорт клуб енді әр ауылда ашылып бастады.
Аралас жекпе-жек қазір әлемде мықты танымал. Үлкен промоушендерде өнер көрсететін жерлестердің жеңісінен жігер алған қордайлық жас спортшылар да сол бір сара жолды жалғамақ ниетте барын салуда. Соның айғағы түрлі додаларда топ жарып, өз мықтылықтарын дәлелдеуі. Мәселен, жақында «Қордай батыр» спорт клубы Кенен ауылында арнайы турнир өткізіп, сол орында аудандағы спортшылар өзара кім мықтыны анықтады. Жоғары деңгейде өткен турнир барысында Данияр Тұңғатар, Әлихан Оңғар, Ян Никулаи, Александр Никулаи, Мирас Орманбек, Артём Вагутин, Мирас Ауғанбаи, Алинұр Тылеуқыл, Никита Усаченко, Амир Талғат, Ахмат Талғат, Расул Бақыт, Ералы Нұрбек, Эвелина Усаченко, Хантөре Итогулов, Ескендір Рашидов жасындай жарқырап, жеңімпаздарр қатарынан табылды.
Жас спортшыларды жарыстарға дайындауда үлкен еңбек сіңіріп жүрген жаттықтырушылар Қазбек Орманбек, Алишер Орманбек, Нұрсұлтан Искандер, Шаукет Мансуров, Салим Фараджиевтерді ерекше атап өткен жөн.
Кенен ауылында өткен турнирге демеушілік жасап қолдау көрсеткені үшін спортшылар бірқатар азаматтарға алғыстарын айтуда. Мәселен, клуб демеушісі Асқар Жұмабаевқа, Кенен ауылы әкімі Арман Жылыбаевқа, Е.Қашағанов орта мектебі директоры мен ұстаздарына, Ғани Нұрмаханбетовке, Айдар Нұрсыдықұлына, Нұртілеу Нысанбаев, Мирас Иманбаевқа, сондай-ақ, «Білім Дос» мектебі директоры Лариса Максимова мен директор орынбасары Гуля Игісіноваға зор алғыс білдіруде.
Айта кетер болсақ, қазір аудан бойныша «ММА» бойынша жеті ауылда жаттығу залдары жұмыс жүргізуде. Қордай, Қайнар, Жамбыл, Қалғұты, Жаңатұрмыс, Әлжан ана, Кенен ауылдарында. Осының барлығының ашылуына «Қордай батыр» спорт клубы ықпал еткен.