ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НЫҒАЙТУҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ

0

Аудандағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жүйелі түрде жұмыс істеп, отбасы институтын нығайту, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды шараларды іске асыруда.

Аудандағы барлық ауылдық округтерде Әйелдер кеңестері мен Аналар кеңестері құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Бұл ұйымдар отбасы құндылықтарын насихаттап, әйелдердің әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етеді. Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырыстарында ауылдық кеңестердің төрайымдары атқарылған жұмыстар жөнінде тұрақты түрде есеп беріп отырады.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, аудан көлемінде отбасы құндылықтарын дәріптейтін бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылуда.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай аудан әкімі әртүрлі салада қызмет атқарып жүрген әйел азаматшаларын қабылдап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы-ның аудандық кезеңі мамыр-маусым айларында ұйымдастырылды. Байқау үлгілі отбасыларды насихаттау мақсатында өткізілді.

12 маусым – Аналар күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып, көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы рөлі ерекше атап өтілді.

16 маусым – Әкелер күніне арналған аудандық іс-шаралар жоспары әзірленіп, отбасындағы әкенің жауапкершілігі мен рөліне ерекше назар аударылды.

2024 жылы аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту мақсатында семинарлар, кездесулер, тренингтер ұйымдастырылды.

Қордай ауданында отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасады. Әлеуметтік тұрақтылық пен отбасылық институтты дамытуға бағытталған бұл жұмыстар ауданның дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.