2025 жылғы 13 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Степной ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 3729 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 2152 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 19 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны — 2.
Степной ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Каримов Акжол Советкалиевич үшін сайлаушылардың 195 дауысы берілді,
Қарабаев Мадияр Бақытбекұлы үшін сайлаушылардың 1919 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 19.
Сайлау қорытындыларымен: Степной ауылдық округінің әкімі болып Қарабаев Мадияр Бақытбекұлы сайланды. 1994 жылы туған, Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының тұрғыны.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы