Қордай жерінде

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Жеңіс Эстафетасының» символын салтанатты түрде қабылдап алды. Эстафета бұған дейін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу  облысы бойынша департаментінен Қарасай ауданы бойынша департаментінің шекарашыларына табысталып, одан әрі Қордай ауданына жеткізілді. «Жеңіс эстафетасы» шекара бойымен жүріп өтеді. Бұл достық пен тарихи жадыны жаңғырту символына айналып отыр, — дейді әскерилер. Айта кетейік, эстафетаны қабылдап алған Жамбыл облысы, Қордай ауданы шекарасы басқармасының өкілдері шекара арқылы қырғызстандық әріптестеріне жолдады.

Аталған шара — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің бірлігі мен ортақ тарихи жадынның жарқын көрінісі. Шекарашылар арқылы жалғасатын эстафета жас ұрпақтың рухын көтеріп, патриоттық сезімді нығайтуды көздейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.