ЕРЛІК ДӘСТҮРІН ҰЛЫҚТАЙТЫН КҮН

0

ҚҰРМЕТТІ ҚОРДАЙЛЫҚТАР, САРБАЗДАР МЕН ОФИЦЕРЛЕР!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл — халқымыздың жауынгерлік рухын, отансүйгіштігін, ерлік дәстүрін ұлықтайтын, ел тағдыры сынға түскен кезеңдерде азаматтарымыздың жанқияр ерлігі мен табандылығын еске алатын қасиетті күндер.

Ұлы Жеңіс — миллиондаған жан құрбан болған, төгілген қан мен тыл еңбеккерлерінің маңдай терінің жемісі. Қордай өңірінен майданға мыңдаған азамат аттанып, Отан үшін жанын қиды. Солардың қатарында ержүрек жауынгер, панфиловшы батыр Николай Никонорович Белашов та бар. Ол Мәскеу түбінде қаһармандықпен шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті.

Сол сияқты ерлігімен еленген көптеген қордайлықтардың еліміздің жауынгерлік шежіресінде мәңгілік орын алған. Олардың майдандағы жолы — бүгінгі ұрпаққа үлгі, елдік пен еркіндіктің символы.

Соғыстың ауыр жүгін тек майдангерлер ғана емес, тылда еңбек еткен қарапайым ауыл еңбеккерлері де бірге көтерді. Олар егін салып, мал бағып, майданды азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіп, Жеңістің жақындауына зор үлес қосты. Бүгінгі тыл ардагерлерінің маңдайындағы әрбір әжім — сол ауыр күндердің тарихы.

Бейбіт күннің батырлары — қазіргі әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласының өкілдері. Осы орайда еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып отырған, Қордай жеріндегі «Отар» әскери базасының әскери қызметшілерін ерекше атап өткім келеді. Бұл — еліміздегі ең ірі әскери оқу-жаттығу орталығы, нағыз кәсіби армияның тірегі.

Сол секілді мемлекеттік шекарамыздың тыныштығын күзетіп жүрген шекара қызметінің сарбаздары мен офицерлері — елдің қауіпсіздігінің қалқаны. Қордай — шекаралық аймақ болғандықтан, бұл қызметтің маңызы зор. Сіздердің табандылықтарыңыздың арқасында бейбіт өмір мен тұрақтылық қамтамасыз етіліп отыр.

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды қос мерекемен — Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Ізгі ниетпен: Бегзат Болатбеков, Қордай ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.