ҚҰРМЕТТІ ҚОРДАЙЛЫҚТАР!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл қос мереке — Отан алдындағы борышты өтеудің асқақ үлгісін паш ететін, елдіктің, ерліктің, ұлтжандылықтың қасиетті символына айналған айтулы күндер. Осы күндері біз еліміздің бейбіт болашағы үшін жанын қиған ерлерді еске алып, қастерлі ерліктерін мақтан тұтамыз.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне — айрықша алғыс пен ілтипат. Олардың жанқияр ерліктері арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт аспан астында өмір сүріп отыр. Майдангерлер есімдері ел тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.
Бүгінгі бейбіт күннің қорғаны — Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарып жүрген барлық әскери қызметшілерге зор ризашылық білдіреміз. Сіздердің батылдықтарыңыз бен адалдықтар — Тәуелсіздігіміздің, тыныштығымыздың кепілі.
Осынау қасиетті мерекелерде әр отбасыға амандық, денсаулық, бірлік пен татулық, ел игілігі жолындағы істеріңізге сәттілік тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ізгі тілекпен: Нұрдин Садықов, аудандық мәслихат төрағасы