СТЕПНОЙДА АУЫЛЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

0

Степной ауылында инфрақұрылымды дамыту бағытында нақты қадамдар жасалуда. Жақында ауылдың басты басты тамыры саналатын – Орталық көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл іс «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Жол жөндеу жұмыстарын мердігері «Ақ жол Сервис 2023» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Жобаның жалпы құны 113 708,6 теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстары аясында көшенің асфальт жамылғысы жаңартылып, жолдың тегістігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Ауыл әкімі Мадияр Қарабаев жөндеу жұмыстарының барысы бақылауда екенін айтуда.

«Орталық көшеде басталған бұл жұмыс – үлкен жобаның бір бөлігі. Алдағы уақытта округтегі басқа да көшелерді кезең-кезеңімен жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жол – тұрғындардың күнделікті тыныс-тіршілігіне тікелей әсер ететін маңызға ие. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады», – деді ауыл әкімі.

Жергілікті тұрғындар жолдың жөнделуін оң қабылдап, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде.

Айта ктер болсақ, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірлерде инфрақұрылым мәселелерін шешуге бағытталған көптеген жобалар іске асуда. Степной ауылындағы жол жөндеу жұмыстары – соның жарқын көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.