ӘЛІШЕР БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

0

Жақында «АMANAT» партиясының облыстық филиалы Әйелдер қанаты және облыс әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен «МҰҒАЛІМ ТALKS» кейс-платформасы өткен болатын.

Аталмыш байқаудың І кезеңі наурыз айында өткен болатын. Аудандық, қалалық алаңдарда конкурстық іріктеуден өткен және облыстық білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарынан барлығы 17 педагог қатысты.

Еркін форматта өткен «Мұғалім Talks» кейс-платформасына қатысушыларды «АMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Д.Бейсенқұлов және облыс әкімдігінің білім басқармасымның басшысы Н.Оршыбеков құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар үш бағытта шығармашылық жұмыстарын ұсынып, өз идеяларымен, ашық пікірлерімен, өзіндік педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Олар үй тапсырмасында — «МҰҒАЛІМ-ТALKS» TED-алаңына қатысудағы негізгі мақсатым», «Өзекті ойым, ұтқыр пікірім, озық тәжірибем», «Менің жаңашыл педагогикалық көшбасшылық тәжірибем, «Менің көзқарасым» тақырыптарында эссе жазып, өздері туралы әзірлеген бейне жазбаларды ұсынды. Ал, ойталқы алаңында ұсынылған «Ауыл мұғалімінің бір күні», «SMART мектеп», «Әлемді біліммен әдемі етеміз», «Барлық нәрселерге он жеті минут», «Тамаша сәттер», «Әңгімелеу өнері», «Сіз шабыт көзісіз», «Soft skils дағдылары», «Табысты мектеп, табысты мұғалім, табысты бала», «Құндылықтарға негізделген білім беру кеңістігі» тақырыптары бойынша өз ой-пікірлерімен, тың идеяларымен, қызықты тәжірибелерімен бөлісті.

Қазылар алқасының шешімімен «Мұғалім TALKS» кейс-платформасында Бас жүлдені — Қордай ауданы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Әлішер Аяпберген жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздарына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының Әйелдер қанатының басшысы А.Әшімова, облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Л.Қызылқұлова, облысы оқу — ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Е.Мағзымбеков дипломдар мен арнайы сыйақылар табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.