ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР МАҢЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

0

Қордай ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында 2025 жылдың маусым айының 5-15 күндері барлық ауылдық округ бойынша монументтік өнер құрылысы мен қала құрылысы және сәулет ескерткіштеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау мен тарихи–мәдени мұра нысандарын сақтау, жергілікті тұрғындардың табиғат пен тарихи ескерткіштерге деген жауапкершілікті арттыру.

Мониторинг жұмыстары тарихи – мәдени нысандарды визуалды қарау және фотофиксация жасау арқылы жүргізілді. Тексерілген ескерткіштердің айналасы таза, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Жалпы сақталу деңгейі мен санитарлық жағдайы талапқа сай екендігі анықталды. Бұл акция барысында нәтижелі жұмыс көрсеткендер қатарында Қордай, Қасық, Степное, Қарасай, Ноғайбай ауылдық округі бар. Сонымен қатар кейбір нысандарда байқалған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ескертулер беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

Аталған акция аудан көлемінде қоғамдық белсенділікті арттырып, ауыл тұрғындарының табиғат пен тарихи құндылықтарға деген көзқарасын жақсартуға ықпал етуде. Мұндай ақциялар біздің тарихи мұрамызға құрметпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.