Құрметті жерлестер, қадірлі қордайлықтар!
Сіздерді еліміздің бас қаласы – Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Есілдің бойына ел қондырған бүгінгі астанамыз – тәуелсіздіктің төл тарихы, ұлттың ұйытқысы, құт қонған мерейлі мекен!
Бүгінде елдің төрі – Астанамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірліктің ордасы болды. Елорда әлемдік сәулет өнерінде қала мен даланы үйлестіре білген, күллі әлемге жаңа бейбітшілік пен келісім орталығы ретінде танылды. Ол бүгінде озық идеялардың, жаңа ғылыми-инновациялық шешімдердің, дүниежүзілік диалогтардың, ең үздік архитектуралық үлгілердің алаңына айналды.
Ардақты ағайын!
Биыл Елорда мен Домбыра күні қатар келіп отыр.
Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатыр. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтініміз жоқ. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған.
Баршаңызды бүгінгі қос мерекемен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Қазақ елінің көк байрағы көгімізде желбірей берсін!
Мереке құтты болсын!
Нұрдин САДЫҚОВ, аудандық мәслихат төрағасы