АУЫЗ СУМЕН ГАЗ ТАРТУ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қордай ауданы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Аудан әкімдігі тарапынан жалпы құны 8,6 млрд теңгені құрайтын 10 елді мекенде ауызсу желілерінің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды және Бәйтерек ауылдары орталықтандырылған таза ауызсумен толық қамтамасыз етілді.

Бүгінгі таңда тағы 4 елді мекенде – Шарбақты, Күнбатыс-2, Алға және Гвардейск ауылдарында ауызсу құрылыстары қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс және Күнбатыс-1 ауылдарын тіршілік нәрімен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жобалаушы мекемелермен келісімшарттар жасалды.

Жамбыл облысында биыл 15,4 млрд. теңгеге 36 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамту жоспарлануда.

Нәтижесінде өңірдегі ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейі 100%-ды құрайтын болады.

Аудандағы 41 елді мекеннің 36-ы табиғи газбен қамтылған. Биыл Керу ауылына газ құбырының құрылысы аяқталып, тұрғын үйлер көгілдір отынға қосылды. Ал Бел, Мұзбел, Аңырақай мен Бәйтерек ауылдарының ауылішілік газ құбыры құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды. Гвардейск қалашығының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 6 жоба қолға алынды. Атап айтсақ, жаңа қазандық салу, жылу желілерін ауыстыру, сумен жабдықтау желілерін қайта құру, газбен жабдықтау, теміржол арқылы өтетін көпір салу және кәріз тазарту құрылымдарын қайта жаңғырту. Қазіргі таңда сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстарына қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталуы жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.