ҚАРАКЕМЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН ҮМІТКЕР АЛЫБАЕВ РАШИД ЕЛШІБЕКҰЛЫ

0

Мен, Алыбаев Рашид Елшібекұлы 1971 жылы 9 қаңтарда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Қырғыз ұлттық университетін «математика» мамандығы бойынша, 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды, Еңбек жолымды 1994 жылы Чапаев орта мектебінде мұғалім қызметінен бастадым, 1994-1999 жылдары Чапаев орта мектебінде мұғалім, 2000-2021 жылдары аралығында «Севен Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде менеджер, «Олжас» шаруа қожалығының басшысы қызметтерін атқарды, 2021 жылдың 1 қазанынан бастап Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округіне әкім болып сайландым. Бүгінгі күнге дейін осы қызметті атқарудамын.

Өзекті мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын нақты түсінемін! Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.

Мен мұны тек Сіздердің қолдауларыңызбен ғана жасай аламын!

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

Қаракемер, жер кезегінде тұрған тұрғындарға жер үлестіруге;

Қаракемер, Кенесары көшесіне трансформатор орнатып жарықтандыруға;

Керу ауылының көшелеріне жарықтандыру жүргізуге

Қаракемер, Ауылда орналасқан саябаққа жарықтандыру жұмысын жүргізілуіне және бейнебақылау орнатылуына;

Керу ауылын таза ауыз сумен қамтуға;

«Қаракемер-Керу» тас жолын жөндеу жүргізуге;

Қаракемер ауылына Мәдениет үйінін салынуына;

Қаракемер ауылының жастарына «Стрит-воркаут» алаңын орнатуға және кіші футбол алаңын күрделі жөндеу жұмысын жүргізілуіне еңбек ететін боламын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.