ӨМІРБАЯН
1983 жылдың 24 шілдесінде Алматы облысы, Үшарал ауданында, дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2013 жылы — Қонаев атындағы құқық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман міндетін атқарушы болып бастаған.
2016 жылдың шілде айынан бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Үлкен Сұлутөр ауылының тұрғындары!
Егер мен Үлкен Сұлутөр ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, өз білімім мен еңбек тәжірибемді ауылымыздың дамуы жолында аянбай жұмсаймын.
Менің негізгі мақсатым — ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, қолайлы өмір сүру жағдайын жасау және ауылды көркейту.
Басты басымдықтарым:
- Инфрақұрылымды дамыту:
— Ауыл ішілік жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу;
— Көшелерді жарықтандыру және абаттандыру;
— Ішетін су мәселесін жүйелі түрде шешу.
- Әлеуметтік қолдау:
— Аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен қарттарға әлеуметтік көмектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету;
— Жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамту бағытында нақты шаралар қабылдау.
- Ауыл шаруашылығын қолдау:
— Шаруа қожалықтарын мемлекеттік бағдарламаларға тарту;
— Жайылым және егістік жерлерді тиімді әрі әділ пайдалану.
- Жастар және білім:
— Жастар арасында бос уақытты тиімді өткізуге жағдай жасау;
— Мектеп, балабақша, мәдениет үйінің жағдайын жақсарту, қажетті құрал-жабдықтармен қамту.
Мен ауылдың әр тұрғынының үнін естіп, мәселесіне бей-жай қарамайтын, әділ және ашық әкім болуға дайынмын. Бар күш-жігерімді ауылымыздың өркендеуіне жұмсаймын.
Сіздердің сенімдеріңіз — мен үшін үлкен жауапкершілік!
Үміттеріңізді ақтаймын!