РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және тұғырлы мереке – Рәміздер күні қарсаңында аудан орталығында арнайы велошеру өтті. Мемлекеттігіміздің айшығы саналатын рәміздерге деген құрмет отансүйгіштік пен егеменді елдің ертеңіне деген сенімнен туындайтын ерекше сезім екені анық. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен іске асқан шара қордайлықтардың ерекше ықыласына бөленді.
Қордайдағы №51 орта мектеп жанынан басталған шеруді еліміздің көк туын желбіреткен жігіттер велосипедпен бастап жүрді. Домалақ ана көшесімен ұрандатып өткен велошеру қатысушылары Төле би көшесіне бұрылып, одан әрі аудандық Мәдениет үйі алдына келіп тоқтады. Онда шеруге қатысушылар оң қолдарын кеудесіне қойып, Әнұранымызды қосыла шырқап, одан кейін аудан өнерпаздары патриоттық әндерден шашу шашып, меркелік көңіл-күйді әрлендіріп жіберді.
«Мемлекет басшысы қатысатын түрлі үлкен саммиттер мен жиындарда өзге тулар ішінде ерекшеленіп тұратын байрағымыз әрдайым көзімізге оттай басылып, ерекше ыстық көрініп тұрады, ал спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, Әнұранымыз шырқалып, Туымыз көкте желбірегендегі сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Елімізде рәміздерімізге құрмет көрсетілетін осындай күндердің болғаны қандай тамаша. Өйткені, ол өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті дарытады деп сенемін», — дейді шеру қатысушысы Әлібек Оспанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.